Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті Аккредиттеу ұлттық орталығының ұжымында қалыптасқан жағдаймен таныс. Қазіргі уақытта ұжымдық өтініште көрсетілген мән-жайлар бойынша аудит және қызметтік тексеріс жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар аясында Аккредиттеу ұлттық орталығы басшылығының қызметіне жан-жақты және объективті баға беріліп, өтініште келтірілген барлық фактілер мұқият зерделенеді. Тексеру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына қатаң сәйкес жүргізілуде. Барлық құқықтық сипаттағы мәселелер ашықтық, бейтараптық және заңдылық қағидаттарын сақтай отырып, мұқият қаралады.