Өлшем бірліктерінің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жоспарлы көрсеткіштердің орындалу қорытындылары шығарылды

Өлшем бірліктерінің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы жоспарлы көрсеткіштердің орындалу қорытындылары шығарылды

2025 жылғы 11 қарашада ҚТРМ (Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу және метрология комитеті) «ҚазСтандарт» РМК-ның № 061 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттік бағдарламасының, атап айтқанда «Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын құру және ұстау» және «Стандарттау бойынша құжаттар жобаларына сараптама және метрологиялық сараптама жүргізу» іс-шараларын 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында іске асыру бойынша жылдық есебін тыңдады.

Институт басшылығы өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі міндеттерін орындау туралы толық есептерді ұсынды. Тыңдау қорытындысы бойынша Комитет жоспарланған көрсеткіштердің орындалуының жоғары деңгейін, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтағы елеулі табыстарды атап өтті.

 Негізгі жетістіктер және индикаторлардың орындалуы

  1. Халықаралық тану бойынша KPI орындалуы (Жоспардың артығымен орындалуы): КТРМ атап өткен басты жетістіктердің бірі – ҚР ИИДМ 2023–2027 жылдарға арналған Даму жоспарының халықаралық танылған өлшеу мүмкіндіктеріне (СМС) қатысты негізгі индикаторының орындалуы болды. ҚР эталондарының халықаралық танылған өлшеу мүмкіндіктерінің өсу қарқыны 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 4,3% деңгейінде тіркелді, бұл Қазақстанның әлемдік метрологиялық қоғамдастықтағы позициясын нығайтқанын көрсетеді. Ұлттық эталондарды және калибрлеу мен өлшеу сертификаттарын өзара тану туралы CIPM MRA келісіміне қатысушы 112 елдің ішінде Қазақстан 45-орынды иеленеді.
  2. Аймақтық көшбасшылықты нығайту: Қазақстан ТМД-ның Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (МГС) шеңберінде айтарлықтай табысқа жетті. МГС-тың 67-ші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы 2026–2027 жылдарға арналған Кеңестің тең төрағасы болып сайланды, бұл оның ТМД интеграциялық процестеріндегі өсіп келе жатқан рөлі мен үлесін көрсетеді.
  3. Отандық өнеркәсіптің қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында:
    • Эталондарды ұстау бойынша 5 орталықтың (Астана және 4 филиал) үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді.
    • 2738 метрологиялық рәсім (1438 калибрлеу және 1300 ӨҚ тексеру) жүргізілді.
    • Әртүрлі 2270 бірлік стандарттық үлгілер (СҮ), оның ішінде тексеру газ қоспалары мен металдардың СҮ-лері жасап шығарылды.
  4. Халықаралық белсенділік: «ҚазСтандарт» халықаралық салыстыруларға белсенді қатысты, соның ішінде КООМЕТ және EURAMET шеңберінде төрт тақырып бойынша өлшемдерді табысты жүргізді. Сондай-ақ, Институт 2025–2026 жылдарға арналған үш жаңа салыстыруға, оның ішінде КООМЕТ 898/KZ/24 «Термостаттардағы өнеркәсіптік кедергі термометрлерін калибрлеу» пилоттық салыстыруындағы үйлестіруші рөліне қатысуын растады. Словакия метрология институтымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
  5. «Стандарттау бойынша құжаттар жобаларына сараптама және метрологиялық сараптама жүргізу» іс-шарасын орындау аясында «ҚазСтандарт» мемлекеттік реттеуге жататын 13 Өлшемдер тізбесіне, 8 НҚА жобасына, ЕАЭО ТР 034-ке арналған 1 стандарт жобасына, сондай-ақ 2025 жылға арналған Стандарттау жоспарына сәйкес әзірленген стандарттау бойынша 11 құжат жобасына метрологиялық сараптама жүргізді.

Жұмыс мыналарды қамтыды:

  • Әрбір реттелетін сала бойынша бекітілген өлшемдер тізбелеріне талдау;
  • Олардың қазіргі ұлттық қажеттіліктерге және ХӨҰҰ, ХБМБ және КООМЕТ ұсынымдарын қоса алғанда, халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалау;
  • Ұлттық тізбелерді басқа елдердің ұқсас құжаттарымен салыстыру;
  • Қауіпсіздікке әсер ететін негізгі өлшенетін параметрлерді анықтау және оларды бақылауды қамтамасыз ететін өлшеу құралдарын сәйкестендіру;
  • ҚР МӨЖТ тізілімінде тіркелген өлшеу құралдарын салаларда іс жүзінде қолданылатын құралдармен салыстыру.

Сараптама нәтижелері негізгі өлшеу құралдарын анықтау және нормативтік базаны жетілдіру мақсатында өлшемдер тізбелерін өзектендіруге негіз болады.

Отырыста эталондық базаны үнемі жаңарту және халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты туындаған өзекті мәселелер талқыланды. Тыңдау қорытындысы бойынша ҚТРМ одан әрі тереңдетуге, елдің метрология саласындағы позициясын нығайту және көрсетілетін қызметтерді жетілдіру жұмыстарын жалғастыруға мүдделі екенін растады.