Сәйкестікті бағалау саласындағы мәселелерді талқылау бойынша Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Сәйкестікті бағалау саласындағы мәселелерді талқылау бойынша Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 22 қазанында Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда сәйкестікті бағалау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Сараптамалық кеңес Қазақстан Республикасы интеграция сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Талқылау шеңберінде сәйкестікті бағалау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге ағымдағы кезеңде қабылданған өзгерістер айтылды, оның ішінде аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторингті жүзеге асыру қағидалары, сәйкестікті бағалау қағидалары, Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне (ұлттық бөлігінен) енгізу немесе алып тастау туралы шешімдер, көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығы мен негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар, сондай-ақ 29.08.2025 ж. № 705 ҚР Үкіметінің Қаулысы.

Енгізілген өзгерістердің негізгі мақсаттары цифрлық тетіктерді енгізу, "сұр" сертификаттарды алып тастау және бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады.

Сондай-ақ, ЕАЭО алаңында талқыланатын шешімдер жобалары мен мәселелер қаралды.

Сараптамалық кеңес жаңа нормаларды енгізудің оң нәтижелерін атап өтіп, Қазақстан Республикасындағы сәйкестікті бағалау жүйесінің тиімділігін одан әрі арттыруға сенім білдірді.