Техникалық реттеу және метрология комитетінің кәсіби стандарттары мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысын өткізу нәтижесі

Техникалық реттеу және метрология комитетінің кәсіби стандарттары мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің отырысын өткізу нәтижесі

Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіби біліктілік жөніндегі салалық кеңес мүшелерінің отырысы өтті, онда «Стандарттаушы», «Метролог» бекітілген кәсіби стандарттар туралы; ҚР ҰКП 30.12.2019 ж. № 270 бұйрығымен бекітілген «Лифттердің сәйкестігін растау» кәсіби стандарты; ҚР ҰКП 26.12.2019 ж. № 263 бұйрығымен бекітілген «Сапа менеджменті» кәсіби стандарты; Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіптер тізілімі; Ағымдағы жай-күйді, кадрларға қажеттілікті, саланың проблемалары мен даму үрдістерін ескере отырып, салаларға кешенді талдау жүргізу туралы мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша Салалық кеңес мүшелері бірауыздан «Лифттердің сәйкестігін растау» кәсіби стандартын жою; «Сапа менеджменті» кәсіби стандартын өзектендіру; Кәсіптер карточкаларына бас метролог, өлшем бірліктерін салыстырып тексеруші, стандарттау жөніндегі техникалық сарапшыны қосу арқылы Техникалық реттеу және метрология саласындағы кәсіптер тізілімін өзектендіру шешімін қабылдады.

Қазіргі уақытта ҚР ҰКП 26.12.2019 ж. № 263 бұйрығымен бекітілген «Сапа менеджменті» кәсіби стандартын өзектендіру бойынша Жұмыс тобын құру жұмысы жүргізілуде.