Қырғызстанда READY4TRADE Орталық Азия — сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі өңірлік техникалық диалог өтті

Оның мақсаты Орталық Азияда шығу тегі жөніндегі электрондық сертификаттарды трансшекаралық тануды қамтамасыз ету болды.

Іс-шара Еуропалық Одақтың қолдауымен, Халықаралық сауда орталығы (ITC) жүзеге асырып отырған Ready4Trade Central Asia жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба өңірдегі сауда және көлік байланыстарын нығайтуға, соның ішінде Транскаспий көлік дәлізіне басымдық беруге бағытталған.

Талқылау қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымын арттыру мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық құқық аясында нормативтік шешімдер қабылдау, техникалық базаны келісу және қамтамасыз ету, сондай-ақ институционалдық және рәсімдік мәселелерді шешу қажеттігі атап өтілді.