
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылдың 10 маусымында № 635 қаулысымен бекітілген техникалық реттеу және метрология жүйесін жетілдіру жөніндегі 2020 жылға дейінгі кешенді жоспар және 2016 жылғы техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде Алматы облысындағы кәсіпорындарға және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 3 наурызында Ақсу ауданында ҚР Мемлекеттік рәміздері – Елтаңба және Туды қолдану бойынша семинар өткізілді.
Семинардың күн тәртібінде келесідей сұрақтар қойылған:
2016 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының «Мемлекет Елтаңбасының» Ұлттық стандартының жаңа нұсқасы күшіне енді .
Мемлекеттің Елтаңбасын сапалы жасауға арналған ұлттық стандартқа да өзгерістер енгізілді.
Аталмыш шараға Ақсу аудандық басқармаларының, Ақсу ауданының кәсіпкерлік палатасы, «Нұр Отан» партиясының Ақсу аудандық филиалының өкілдері шақырылды.
Семинарды ұйымдастырушылар: Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облыстық департаменті, «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы және Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы, Ақсу аудандық Ішкі саясат бөлімі.
Шараның мақсаты – Мемлекеттік рәміздерді қолдану және дайындау кезінде қателіктерді болдырмау мақсатында өндірушілер мен тұтынушыларды жаңа стандарттардың мазмұнымен таныстыру.