Маңызды ақпарат!

Маңызды ақпарат!

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (ТРМК) алаяқтардың КТРМ қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, соның ішінде техникалық реттеу бойынша «Е-КТРМ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге көмек көрсету туралы жалған ақпарат тарату жағдайларының жиілегенін хабарлайды.

Ескертеміз: ТРМК қызметкері ретінде өздерін таныстыратын алаяқтар Қазақстан Республикасы азаматтарын шатастырып, олардың жеке деректерін иемдену және ақшалай қаражатын ұрлау мақсатында әрекет етеді.

Осыған байланысты ТРМК белгісіз «ТРМК қызметкерлерінен» келіп түскен қоңыраулар мен мессенджерлер арқылы хабарламаларға жауап бермей, әңгімені дереу тоқтатуға және алаяқтық әрекеттерге қатыспауға кеңес береді. Бұдан кейін құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Назар аударамыз: ТРМК қызметкерлері мемлекеттік қызметші ретінде азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық қызметтер ұсынбайды және азаматтардың жеке деректерін – жеке кабинетке кіру үшін логин/құпиясөздерді, SMS арқылы келетін кодтарды сұрамайды. Жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға беру арқылы алаяқтардың сіздің жеке ақпаратыңызға қол жеткізу қаупі туындайды.

ТРМК қызметі туралы толық ақпаратты келесі ресми сайттан алуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/mti-ktrm.

«Е-КТРМ» ақпараттық жүйесінің жұмысына байланысты сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің аталған жүйені сүйемелдейтін құрылымдық бөлімшесі – Цифрлық трансформация және тауарларды таңбалау департаментіне жүгіну ұсынылады (техникалық қолдау қызметінің байланыс нөмірі: 8 701 013 22 44, қызметтік телефон: 749169).