Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 30 маусымында сауда жәнеинтеграция министрлігінің Техникалық реттеу жәнеметрология Комитеті жанындағы Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысы барысында сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

"Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" Заң 2008 жылы Аккредиттеу жөніндегіқызметті реттеудің құқықтық негізін құру мақсатында қабылданды.

Интеграциялық процестерді күшейту, технологияларды дамыту және халықаралықстандарттардағы өзгерістер жағдайында заңнаманы өзектендіру қажеттілігі туындайды. Бұл әсіресе Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушысы болып табылатындығын және ЕАЭО-ға мүше өзге мемлекеттердің аккредиттеу субъектілеріне әсер етудің пәрменді құралдары болмаған кезде (олардың заңсыз қызметіне күдік болған кезде) "тауарлардың қозғалыс еркіндігін" қамтамасыз етуге тиіс екендігін көрсетеді.

Тұжырымдамалық аппаратты жетілдіру, аккредиттеу жөніндегі органдардың, өтініш берушілер мен субъектілердің жаңа құқықтары мен міндеттерін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу, аккредиттеуден кейінгі Шартты бұзуға өтініш келіп түскен кезде ҰКО-ның мониторинг жүргізу міндетін енгізу, сондай-ақ аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімін үш айға ұзартуды алып тастауды енгізу жоспарлануда.

Бұл өзгерістер аккредиттеу процестерінің сапасымен тиімділігін жақсартуға, тауарлардың, жұмыстармен қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз етугеықпал ететін құқықтық базаны жетілдіругебағытталған.