
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінде газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы талқыланды.
Газ - заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен әлсіз байланысқандықтан, кез келген бағытта еркін қозғалатын және өзіне берілген көлемге толық жайылып орналасатын агрегаттық күйі.
Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттарды қолдану адам өміріне аса қауіпті. Осыған орай газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 875 шешімімен Техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісімге сәйкес әзірленіп, КО ТР 016/2011 «Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бекітілді.
Осы Техникалық регламент Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын газ пайдалану жабдығының еркін қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, газ тәріздес отынмен жұмыс істейтін аппараттарға (бұдан әрі – газ пайдалану жабдығы) қолдану және орындау үшін міндетті бірыңғай талаптарды белгілейді.
Техникалық регламенттің күші кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын газ пайдалану жабдығына қолданылады.
Аталған техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, оның арналуы қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыруға әкеп соғатын іс-әрекетті болдырмау мақсатында, сондай-ақ энергетикалық тиімділікті және ресурс үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатында газды пайдаланатын жабдықтарға қойылатын талаптарды белгілейді.
Газ пайдаланушы жабдықтың осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау міндетті сипатта болады және сәйкестікті декларациялау немесе сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін аппараттарда Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығындағы өнімнің бірыңғай айналым белгісімен таңбалануы тиіс.