Нижний Новгород қаласында өткен Метрология, стандарттау және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңестің 67-отырысы аясында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Есенбекова Ж.Р. бастаған қазақстандық делегация мен Ресей Федерациясының Техникалық реттеу және метрология жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Шалаев А.П. арасында екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында биылғы сәуір айында Астана қаласында өткен алдыңғы кездесуде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша алдағы іс-шаралар келісілді. Атап айтқанда, стандарттар әзірлеуге жұмсалған шығындарды субсидиялау тәжірибесімен алмасу, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттермен өзара іс-қимыл, электрондық сауда тауарларының сәйкестігін бағалауды заңнамалық реттеу, эталондарды калибрлеу, метрологиялық қамтамасыз ету және атом энергетикасы саласын стандарттау мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы кураторлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бастамалары қаралды.