12 маусымда Астана қаласында Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орайластырылған Форум өтті. Биылғы жылы іс-шараның тақырыбы «Аккредиттеу: шағын және орта бизнестің (ШОБ) мүмкіндіктерін кеңейту» болып айқындалды.
Іс-шараны ҚР СИМ ТРМК «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК ұйымдастарды. Форумға 300-ден мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың, аккредиттелген органдардың, зертханалардың, сараптамалық және салалыққ ауымдастықтардың өкілдері қатысты.
Іс-шара ұлттық аккредиттеу органы басшылығының құттықтау сөзімен ашылды. Тақырыптық сессия барысында негізгі бағыттар талқыланды.
Атап өтсек, өнімдер мен қызметтерге сенімділікті қамтамасыз етудегі аккредиттеудің рөлі, ШОБ үшін қолайлы орта құру жөніндегімемлекеттік шаралар, ҚР халықаралық рейтингтердегі позицияларын көтеру (соның ішінде Global Innovation Index), ISO 37001 стандартын қоса алғанда, сыбайласжемқорлыққа қарсы құралдарды енгізу.
Форумда ШОБ субъектілерінің сапалы сынақтарға қолжетімділігіне, жаһандық тәуекелдер жағдайындағы менеджмент жүйелерінің рөліне және кәсіпкерлікті қолдау экожүйесін дамытуға ерекше назар аударылды.
«Аккредиттеу – бұл құзыреттілікті растау ғана емес, сонымен қатар кедергілерді төмендетудің, ашықтықты арттырудың және қазақстандық бизнесті сыртқы нарықтарға жылжытудың маңызды факторы», — деп атап өтті «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры Искандер Хамитов.
Форум марапаттау рәсімімен және кәсіби қоғамдастық қатысушыларының одан әрі өзара іс-қимылы бойынша қарар қабылдауымен аяқталды.
Ведомстволық награда – «Сәйкестікті бағалаудағы аккредиттеу жүйесінің үздігі» медалімен,кәсібиліктің, жауапкершіліктің және аккредиттеу ісіне адалдықтың жоғары деңгейін көрсеткен келесі мамандар марапатталды:
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алғыс хаттарымен Ниталина Айгүл Сүлейменқызы, Барқыбаева Айман Кенісарқызы мараппатталды.