«Алтын сапа» – сенім кепілі

«Алтын сапа» – сенім кепілі

Президенттік «Алтын сапа» сыйлығы 20 жылдан бері отандық бизнестегі үздіктерді анықтап келе жатыр. Сыйлық 4 аталым бойынша беріліп, өндірістік мақсаттағы ең жақсы кәсіпорын; халыққа тауар шығаратын үздік кәсіпорын; ең жақсы қызмет көрсетуші; азық-түлік өнімін немесе ауыл ша­руа­шы­лығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорынды даралайды.

Сауда және интеграция ми­нис­трлігіндегі Стра­тегиялық жос­­пар­лау және халықаралық ын­ты­мақ­­тастық басқармасының бас­шысы Гүлнар Яшкинаның ай­туынша, байқау – өтінімдерді қабыл­дау, сараптамалық баға­лау, оқиға орнында тексеру, комис­сияның қорытынды шешімі сынды 4 кезеңнен тұрады. Жүлдегер ұйым конкурс логотипін 4 жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына және 450 АЕК көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады. Байқауға қатысудың экономикалық әсері зор. Өткен жылдардағы мәліметтерді тал­дау марапатқа ие болған компания­лардың жылдық кірісін орта есеп­пен 2,7 есе арттыратынын көрсе­теді. Ең көп өсім тұтыну тауарларын өндірушілер (+2 есе) мен өнеркәсіптік кәсіпорындар (+1,7 есе) арасында байқалған.

«Алтын сапамен» қатар «Қа­зақ­станның үздік тауары» рес­пуб­ликалық байқауы мен көрме­сі де өткізіліп жүр. Онда үздік өнімдер 3 аталым бойынша таң­далады – өнеркәсіп тауарлары, халыққа арналған тауарлар, азық-түлік өнімдері. Байқауға құжат қабыл­дау 27 ақпанда басталып, 1 шіл­­деде аяқталады. Құжатты бай­қаудың ресми сайты (www.altynsapa.kz) арқылы тапсыруға болады. Финалда қатысушылар сарап­тамалық тексеруден өтеді, одан кейін Президент әкімші­лігі жанындағы комиссия 14 жеңім­пазды анықтайды.

«Алтын сапа» – өнім мен көрсетілетін қызмет сапасын арттыруда, сапа менеджменті жүйе­сін тиімді енгізуде жоғары нәти­жеге қол жеткізген ұйымдарды анықтап, марапаттауға арналған. «Қазақстанның үздік тауары» – отандық тауар өндірушілерді қолдау, өнім сапасын жақсарту мен ішкі нарықты сапалы, бәсе­кеге қабілетті өнімдермен қам­ту мақсатында өткізіледі», - дей­ді «Атамекен» ҰКП респуб­лика­лық конкурстар мен сыйлық­тар­ды ұйымдастыру жөніндегі бас­қарушы директоры Мерей Исаева.

Биылғы «Алтын сапа» сый­лы­ғы мен «Қазақстанның үздік тау­ары» көрме-байқауына қа­ты­су үшін өңірлік деңгейде оқыту семинарлары ұйымдастырылып, биз­нес өкілдеріне конкурстың өткі­зілу тәртібі, талаптары мен ар­тықшылығы жан-жақты түсін­діріліп жатыр. Алматы, Жетісу, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қостанай, Түркістан облыстары мен Астана, Шымкент қаласында өткен семи­нарларға жалпы саны 300-ге жуық кәсіпкер қатысты.

«Қатысушылар кәсіпкерлік­пен неше жыл айналысу керек, мемлекет үлесі қанша болуға тиіс, шетелдік компаниялардың қатысу мүмкіндігі және жеңіске жеткен жағдайда қандай ынталандыру шаралары қарастырылғаны туралы сауалдарды жиі қойды», - деді «Алтын сапа» байқауының лауреаты, «ADILI» брендінің негізін қалаушы Индира Әділ.

«Байқаулар кәсіпорындардың халықаралық деңгейге шығуына да жол ашады. Сарапшылар ком­панияның менеджмент жүйесі, экспорттық әлеуеті, жергілікті қам­ту үлесі мен мемлекеттік органдар тарапынан шағымдардың болмауына ерекше назар аударады», - деді Мерей Исаева.

5 наурыз бен 22 мамыр аралы­­ғында «Алтын сапа» кон­кур­сы­на қаты­суға 104 субъекті, «Қазақ­стан­­ның үздік тауары» бай­қауына 279 шағын және орта биз­нес субъек­­тісі өтінім беріп үлгерген. 

 

Дереккөз: https://egemen.kz/article/389341-altyn-sapa-%E2%80%93-senim-kepili