Техногендік қауіпсіздік саласындағы мамандардың кездесуі

Техногендік қауіпсіздік саласындағы мамандардың кездесуі

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі 13-ші Қазақстандық халықаралық конференция мен көрме шеңберінде техногендік қауіпсіздік саласындағы мамандардың кездесуіне қатысты. Мемлекеттік органдар мен салалық қауымдастық өкілдері бақылау-қадағалау қызметінің қорытындыларын, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық өзгерістер мен бастамаларды, авариялық-құтқару қызметінің проблемаларын жария етті.

Іс-шара аясында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің техникалық реттеу басқармасының басшысы Әділбек Дәулетбек «Қазақстандағы жабдықтың өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде техникалық регламенттерді енгізу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады.

Сөз сөйлеу барысында ЕАЭО техникалық регламенттері контекстінде жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі аспектілері баяндалды:

  • жабдықтардың жобалаудан бастап кәдеге жаратуға дейінгі өнеркәсіптік және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі техникалық регламенттердің рөлі;
  • регламенттерді орындау міндеттілігі және ЕАЭО шеңберіндегі талаптардың бірыңғай жүйесі;
  • негізгі тәуекелдері және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажетті шаралары бар жабдықтың өмірлік циклінің кезеңдері.