Аккредиттеу субъектілерінің назарына!

Аккредиттеу субъектілерінің назарына!

2025 жылғы 15 маусымнан бастап ЕАЭО өнімдерінің сәйкестік сертификаттары, ЕАЭО декларациялары, қызметтердің сәйкестік сертификаттары, ерікті сертификаттау (Халал, органикалық өнімдер) «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде ресімделмейді. Сондай-ақ жеке кабинет арқылы өтінімдерге қол жеткізу мүмкіндігі тоқтатылады.

Барлық пайдаланушыларға 2025 жылдың 14 маусым күні сағат 23:59-ға дейін ашық құжаттарды ресімдеуді аяқтау ұсынылады.

2025 жылғы 15 маусымнан бастап ТР ЕАЭО сертификаттары мен декларациялары, сондай-ақ ерікті сертификаттау тек techreg.gov.kz порталындағы Техникалық реттеу ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.