Қазақстан Республикасының Минералдық ресурстардың Бірыңғай платформасын — minerals.e-qazyna.kz ресми түрде іске қосуы — елдің тұрақты болашағына жасалған маңызды қадам. Бұл инновациялық цифрлық платформа мемлекеттік қызметтердің цифрландыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады, елдің басшысының ұсынған бастамасы аясында, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудағы ашықтықты, тиімділікті және инвестициялық тартымдылықты арттыруға бағытталған.
ЕПН іске қосылғанға дейін Қазақстанда лицензия алу, өтінімдер беру және геологиялық деректерді талдау процесстері күрделі, түсініксіз және жемқорлық тәуекелдеріне бейім болды. Барлық құжат айналымы қолмен жүргізілді, ал өтінімдер мен құжаттарды дайындау және тапсыру бірнеше апта уақытты алатын. Алайда платформаның іске қосылуымен жағдай түбегейлі өзгерді.
«Минералдық ресурстардың Бірыңғай платформасы – бұл тек IT өнімі емес, жер қойнауын пайдаланудың толық өмірлік циклін қамтитын цифрлық ресурстарды басқару тетігі. Оның ішінде өтінімдер беру, лицензия беру, аукциондарға қатысу, міндеттемелерді орындауды бақылау, есептілік тапсыру және геологиялық деректерді жүргізу сияқты функциялар бар. Платформа барлық процестерді айтарлықтай жылдамдатып, оларды ашық әрі қолжетімді етеді», — деп атап өтті ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жаннат Дубирова.
Платформа барлық құпия емес геологиялық объектілерді қамтиды және бір терезе қағидаты бойынша жер қойнауын пайдалануға қатысуға арналған ыңғайлы механизм ұсынады. Құқықтық қолдауды жаңартылған заңнама, оның ішінде «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» Кодексіндегі өзгерістер қамтамасыз етеді.
Платформа толық өмірлік циклді қамтиды — өтінімдерді беру, міндеттемелерді орындауды бақылау және есептілік тапсыруға дейін.
«Бұрын өтінім беру үшін көп күш-жігер жұмсалатын. Қазір бұл процесс 5-10 минут ішінде онлайн режимде жүзеге асырылады», — деп түсіндіреді «KazGeoExploration» ЖШС.
2025 жылдан бастап МРБП арқылы лицензиялық-келісімшарттық шарттар (ЛКШ), ТРУ, геологиялық барлау және қатысушылар құрамына қатысты есептілік автоматтандырылды. Платформа бірнеше мемлекеттік жүйелермен біріктірілген, олар:
«Енді есептілікті қағазбастылықсыз, іссапарларсыз онлайн тапсыруға болады», — дейді «Қазақмыс» ЖШС.
Платформа инвесторларға ағымдағы деректерге қолжетімділік береді және аукциондарға делдалдарсыз қатысуға мүмкіндік береді:
«Деректерге ашық қолжетімділік және рәсімдердің ашықтығы сенімді арттырады. Бұл инвесторларды тартудың маңызды қадамы», — дейді «ERG GROUP» ЖШС.
Платформа үнемі дамып келеді. Қазіргі уақытта енгізілген жаңа функциялар:
Болашақта енгізілуі жоспарланған функциялар:
«Жаңа платформаның қолайлы болатынын бірінші күндерінен-ақ байқадық. Бұрын бірнеше апта уақытты алатын процестер қазір бірнеше сағатта жүзеге асады. Геологиялық деректерге ашық қолжетімділік және мемлекеттік органдармен сенімді интеграцияны ерекше атап өткіміз келеді», — дейді «KZ Minerals» ЖШС.
Минералдық ресурстардың Бірыңғай платформасының іске қосылуы Қазақстан үшін стратегиялық және технологиялық жетістік болып табылады, жер қойнауын пайдалануды басқарудың тәсілдерін өзгертіп, тұрақты даму мен халықаралық қоғамдастықтың сенімін арттыруға ықпал етеді.
«ЕПН жер қойнауын пайдаланушылар үшін негізгі құралға айналып, елге инвестициялар тартуға көмектеседі», — деп қорытындылайды «Қазақмыс» ЖШС.
«КазГеоЭксплорейшен» ЖШС
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының барлық жер қойнауын пайдаланушылары пайдалы қазбаларды барлау және өндіру процестерін жеңілдету мен жеделдету мақсатында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген "Minerals" жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай цифрлық платформасын пайдаланып отыр.
Аталған жүйенің басты артықшылығы – қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған өтінімдерді қабылдау және құжаттарды рәсімдеу процесін айтарлықтай жеделдетуі. Платформа өтінім берген сәттен бастап онлайн режимде қажетті учаскеге лицензия алу процесін бақылауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде келісу рәсімдерін оңайлатып, қызығушылық тудырған блоктарда басқа жер қойнауын пайдаланушылардың бар-жоғын тексеруге жағдай жасайды.
Бұрын өтінім беру үшін әрбір өтінімге қажетті құжаттар топтамасын жинап, оларды міндетті түрде нотариалды түрде растау керек болатын. Бұл біраз шаруа, қаржылай шығынмен қатар, біраз уақытты алатын. Қазіргі таңда барлау лицензиясын алу өтінімін беру процесі небары 5–10 минут уақыт алады.
Сонымен қатар, биылғы жылдан бастап берілген лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындауды бақылау, сондай-ақ жылдық есептерді тапсыру процестері автоматтандырылды. Бұл құжаттарды қашықтан бекітуге және жер қойнауын пайдалануға байланысты есептілікті тапсыру рәсімін айтарлықтай жеңілдетті.
Бұрынғы қағаз түріндегі есептердің орнына ЕПН арқылы есеп беру мүмкіндігі пайда болып, адам факторына тәуелділікті төмендетті (есеп тапсыру үшін жауапты қызметкерлердің уәкілетті органдарға тікелей баруы қажеттілігі жойылды).
Жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтердің ЕПН арқылы цифрлық форматқа көшуі өтінімдер, кезеңдік есептер және оларға қатысты деректердің бірыңғай базасын құруға мүмкіндік берді. Бұл жүйелі мониторинг пен бақылауды тұрақты түрде жүргізіп отыруға жағдай жасайды.
Сонымен қатар, барлық процестер жүйеге интеграцияланып, платформа үнемі жетіліп отырады. Қазіргі таңда лицензияны қайта тіркеу секілді 10-нан астам қызмет қолжетімді, сондай-ақ жазылу бонусы мен өзге де алымдарды төлеуге арналған электронды әмиян іске қосылған.
Дегенмен, "Minerals" платформасы әлі де жетілдіруді қажет етеді. Біріншіден, деректер базасын толтыруда қиындықтар кездеседі. Екіншіден, платформаның кейбір функциялары дұрыс жұмыс істемей, техникалық ақаулар орын алуда. Бұл белгілі бір міндеттерді жүзеге асыруды қиындатады.
Соған қарамастан, техникалық қолдау қызметі туындаған мәселелерді тез арада шешіп, жоғары деңгейде жұмыс істеп отыр.
Біз бұл платформаның жақын болашақта жер қойнауын пайдаланушылар үшін таптырмас құралға айналып, Қазақстанға инвестициялар тарту алаңы боларына сенеміз.
«Казахмыс» ЖШС
ЕПН мен ЕГСУ жүйелерін салыстыру: Бірыңғай платформа артықшылықтары
Бірінші кезекте, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (ЕПН: Единая платформа недропользования) мен Басқарудың бірыңғай геологиялық қызметі (ЕГСУ: Единая геологическая служба управления) – жер қойнауын пайдалануда қолданылатын әртүрлі ақпараттық жүйелер. Олардың айырмашығы неде? Дейтіндерге қысқаша түсінік берсек:
ЕПН жүйесінің негізгі артықшылықтары:
Қорытынды:
ЕПН – бұл:
«ERG GROUP» ЖШС
2025 жылдан бастап – Жер қойнауын пайдаланудың жаңа цифрлық дәуірі
2025 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда Жер қойнауын пайдаланушылардың Бірыңғай платформасы іске қосылды – бұл жер қойнауын пайдалану саласындағы маңызды процестерді біріктіретін заманауи цифрлық экожүйе.
Нәтижесі: бюрократия азайды, тиімділік артты
Бұрынғы қағазбасты үдерістер енді электронды форматқа көшірілді – өтінім беру, лицензия алу, келісімшарттар мониторингі түгелдей онлайн өтеді. Бұл өз кезегінде әкімшілік жүктемені азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетіп, процестерді ашық әрі түсінікті етті.
Деректерге қолжетімділік – баршаға ашық
Геологиялық ақпараттың онлайн режимде қолжетімді болуы – инвесторлар үшін үлкен қадам. Олар учаскелерді бағалап, шешім қабылдай алады. Бұл Қазақстанның халықаралық деңгейдегі беделін арттырып отыр.
Интеграция – басты жетістік
Платформа Экология министрлігі, Геология комитеті, салық және кадастрлық жүйелермен біріктірілді. Бұл – шынайы және өзекті деректермен тез алмасуға мүмкіндік берді.
Болашаққа сенімді қадам
Бұл – жай ғана цифрлық реформа емес, бұл – әділетті, ашық әрі тұрақты даму қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа кезеңі. Платформа үнемі жетілдіріліп, нарықтағы тұтынушылардың пікірін ескеріп отырады.
«TIN ONE» ЖШС
Қолданушы тәжірибесі: нақты қызметтер мен ұсыныстар
Ұсыныстар:
«KZ Minerals» ЖШС
Цифрлық шешімдер іс жүзінде: Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы Қазақстандағы саланы қалай өзгертуде
2025 жыл — Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану саласының цифрлық трансформациясындағы бетбұрыс кезең болды. Сала тарихында алғаш рет мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың бүкіл процесі толықтай онлайн форматқа ауыстырылды. Бұл жай ғана цифрландыруға жасалған қадам емес, бұл — ашықтықты, тиімділікті және қолайлылықты арттыруға бағытталған сапалы серпіліс.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жүзеге асырған Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасының (ЖҚП) іске қосылуы жер қойнауын пайдаланушыларға барлық негізгі мемлекеттік қызметтерге электронды түрде қол жеткізуге мүмкіндік берді. Енді жер қойнауын пайдалану құқығын ресімдеу, келісімшарттарға өзгерістер енгізу, есептілікті ұсыну және уәкілетті органдармен өзара әрекет ету – барлығы қашықтан, мемлекеттік органдарға жеке бармай-ақ жүзеге асырылады.
Платформаның функционалы жағымды әсер қалдырады: интерфейсі интуитивті түрде түсінікті, процестер логикалық құрылымдалған, деректер жүйелендірілген. Мұның бәрі жұмысты едәуір жеңілдетіп, жеделдетеді. Әсіресе, пайдаланушылар өтінімдерінің мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылап отыра алатыны — айтарлықтай ашықтықты қамтамасыз етеді.
ЖҚП-ның басты жетістіктерінің бірі – қағазбастылықтан толық арылу. Жыл сайынғы есептерді дайындау және тапсыру процестерінің автоматтандырылуы, электрондық құжат айналымына көшу – бәрі де мерзімдерді қысқартып, әкімшілік жүктемені азайтуға және бизнес-процестердің экологиялық тиімділігін арттыруға сеп болды.
Әрине, кез келген жаңа жүйе сияқты, пайдалануда белгілі бір техникалық мәселелер туындауы мүмкін. Алайда, бұл орайда пайдаланушыларға көрсетілетін қолдау деңгейінің жоғары екенін ерекше атап өткен жөн. Жедел техникалық көмек қызметі жұмыс істейді, сондай-ақ компания өкілдері мен платформа әзірлеушілері тәжірибе алмасып, бірлесе шешім қабылдайтын кәсіби чат бар.
Индустрия министрлігінің проактивті ұстанымы ерекше назар аудартады. Жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштері кідіріссіз қаралады, нақты ұсынымдар беріледі, қажет жағдайда баламалы шешімдер ұсынылады. Мұндай тәсіл мемлекет пен бизнес арасында тұрақты сенім мен серіктестік қатынастарды қалыптастырады.
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы Қазақстанның ашықтығын, цифрландыру деңгейін және инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған қуатты құралға айналарына сенімдімін. Сала өкілдері бұл бағытты толықтай қолдайды. Мемлекеттің ашықтығы мен бірлескен жұмысқа дайындығы – платформаны үнемі жетілдіруге және оны барлық қатысушылар үшін тиімді етуге жағдай жасайды. Цифрлық шешімдер – жер қойнауын пайдаланудың болашағының ажырамас бөлігі: технологиялық, ашық әрі тұрақты даму қағидаттарына негізделген.