Бүгінгі таңда гидрометаллургия технологиялары мыс өнеркәсібінің дамуында маңызды рөл атқарады. «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК Өскемен қаласындағы ВНИИцветмет филиалы тотыққан және аралас мыс кендерін өңдеу бойынша ғылыми зерттеулермен айналысады.
Институт SX-EW (экстракция–электролиз) схемасы бойынша ерітінділерді кейіннен қайта өңдеумен үймеде шаймалау саласында зерттеулерді 1997 жылдан бастап жүргізіп келеді. Осылайша, Қазақстанның 15-тен астам кен орындары үшін технологиялық регламенттер әзірленген.
ВНИИцветметтің қатысуымен жүзеге асырылған ірі жобалардың қатарында:
· Қоңырад – өнімділігі жылына 15 мың тонна катодты мыс өндіретін, кейіннен өнеркәсіптік деңгейге дейін масштабталған Қазақстандағы алғашқы тәжірибелі экстракция зауыты (2008).
· Ақтоғай – 2015 жылы іске қосылған, өндірістік қуаты жылына 25 мың тоннаға дейін катодты мыс өндіретін тотыққан кендерді өңдейтін ірі кәсіпорын.
· Алмалы, Борлы, Берқара – институттың ғылыми әзірлемелері негізінде салынған жаңа нысандар. Олар 2018-2024 жылдары пайдалануға берілді, жылына өнімділігі 9 мың тонна және 5 мың тонна катодты мыс құрайды.
Сондай-ақ институтта перколяциялық колонналардың түпнұсқалық конструкцияларын әзірленді, өнеркәсіптік нәтижелермен расталған ауқымды зертханалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді.
Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларын және мыс кендері құрылымының ерекшеліктерін ескере отырып, институт ғалымдарының тұрақты технологиялық шешімдерді бейімдеу мен дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өткен жөн.