Ғимараттарды энергетикалық таңбалау және оңтайлы шығын деңгейін есептеу

Ғимараттарды энергетикалық таңбалау және оңтайлы шығын деңгейін есептеу

Мемлекеттік органдардың, үлестес және сараптамалық ұйымдардың 200-ден астам өкілі ғимараттарды энергетикалық таңбалау және оңтайлы шығындар деңгейін есептеу бойынша Астана, Алматы қалаларында өткен техникалық семинарларға қатысты. Бұл семинарларды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын SECCA жобасы және сараптамалық ұйымдар палатасы бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстанның құрылыс секторы елдегі ең ірі энергия тұтынушысы болып табылады. Энергияны көп тұтыну, жылыту және электрмен жабдықтау әсіресе, қыста жүйелерге жүктеменің артуына әкеледі. ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің мәліметінше, елімізде өндірілетін барлық жылу энергиясының 60%-ын ғимараттар тұтынады.

Ғимараттардың энергетикалық тиімділігі жөніндегі директивадағы ЕО тәжірибесіне назар аудара отырып, SECCA сарапшылары ЕО-ға мүше мемлекеттер алған ең жақсы тәжірибелер мен сабақтармен бөлісті. Семинарға қатысушылар энергия тиімділігі, шығындар балансын есептеу, экономикалық және экологиялық пайданы бағалау және басқа аспектілер бойынша ғимараттарды сертификаттау саласындағы біліктіліктерін арттырып, білімдерін тереңдете түсті.