Министрлікте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілінің қатысуымен оқыту тренингі өтті

Министрлікте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілінің қатысуымен оқыту тренингі өтті

А.ж. 29 сәуір күні Министрлікте қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара – оқыту тренингі өтті. Қатысушылар мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, анықтау және азайту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Басты спикер ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сөз сөйледі. Өз баяндамасында ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың заңнамалық негіздері мен тетіктерін жан-жақты түсіндіріп, ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдаудың алгоритмдерін, жеке мүдделерді декларациялаудан бастап, парақорлықта делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке дейінгі нақты шараларды баяндап берді. Сонымен қатар, ол 2027 жылдан бастап күшіне енетін негізсіз байығаны үшін қылмыстық жауапкершілік, заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту және сыбайлас жемқорлар бойынша ашық реестрді енгізу сияқты соңғы заңнамалық бастамалармен таныстырды.

Практикалық құралдарға – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, мүдделер қақтығысы және ұйымдардағы комплаенс-бақылаудың жаңа тәсілдері – ерекше көңіл бөлінді. Ақпаратқа қанық презентация тақырыптық бейнеролик көрсетілімімен толықтырылды.

Іс-шара Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі Сыздыкова Д.Б. бастамасымен, ҚР МҚІА-ның бекітілген Жоспары шеңберінде ведомствода әдепті мінез-құлық мәдениетін және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын жүйелі түрде енгізілуін ұйымдастыруда.

Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар олардың ашықтық, әділдік және қоғам мүддесіне қызмет ету қағидаттарын сақтауға деген жеке жауапкершілігін күшейтуге ықпал етеді.

Министрлік Агенттікке және жеке Жазира Жақсылыққызына құқықтық мәдениетті арттыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.