Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев химия саласын дамытудың басым бағыттарының бірі – көмір химиясын жүйелі пысықтаудың басталғаны туралы хабарлады.
«Еліміздің ауқымды көмір қорларын ескере отырып, бұл бағытта даму – шикізаттық модельден бас тарту және қосылған құнды айтарлықтай арттырудың негізгі жолы. Осы мәселе бойынша өндірісі жоғары дамыған Қытайлық инвесторлармен, атап айтқанда CHN Energy және East China Engineering and Technology сияқты ірі компаниялармен жұмыстар жүргізілуде»,
— деді министр.
Сонымен қатар, министрдің сөзінше көмір-химиясын дамытудың Жол картасы әзірленіп, оның шеңберінде отандық ірі көмір өндіруші кәсіпорындар мен ғылыми институттар көмірді терең өңдеудің озық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.
Дереккөз: Primeminister.kz