Қазақстан шаруаларды 2030 жылға қарай отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етеді

Қазақстан шаруаларды 2030 жылға қарай отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етеді

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – қазақстандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын айтты.

«Қайта жаңғырту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғайтылады»,

— деді министр.

Сонымен бірге карбамид, калий хлориді және дикальцийфосфат сияқты жаңа тыңайтқыштар түрлерін өндіру жоспарлануда.

 

Дереккөз: Primeminister.kz