Астана, 2 мамыр 2025 ж. — ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспевтың төрағалығымен алюминий саласының шикізаттық базасын дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңесті ашқан ҚР Парламенті Мәжілісінің Вице-спикері Альберт Рау өз сөзінде қазақстандық өнеркәсіптің негізгі салаларын тұрақты шикізатпен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Кеңес барысында боксит кен орындарын игеру және ресурстық базаны толықтыру перспективалары қарастырылды. Экологиялық және заңнамалық шектеулерді ескере отырып, Таунсор тобына кіретін жаңа кен орындарын игеру бойынша ұсыныстар ұсынылды.
Сонымен қатар, геологиялық барлау жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру мәселелері көтерілді. Бұл жұмыстар саланың болашағы бар жаңа учаскелерін анықтауға бағытталған.
Кеңесті қорытындылай келе, министр Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіптік даму мен экологиялық стандарттарды сақтау арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, кешенді көзқарас қажет екенін ерекше атап өтті.
Министрлік алюминий саласын тұрақты дамыту үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимылды жалғастырады.
Кеңеске ҚР Парламенті, Су ресурстары министрлігі, Экология министрлігі және «ERG» ЖШС өкілдері қатысты.