2025 жылғы 28–30 сәуір аралығында Ташкент қаласында «ИННОПРОМ. Орталық Азия» атты 5-ші халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр. Қазақстандық делегацияны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев бастап барды.
Министр Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке өнеркәсіптік ынтымақтастықтың басым бағыттарын таныстырып, құны $3,3 млрд болатын 78 бірлескен жобаның жүзеге асырылып жатқанын, оның ішінде 12 жоба аяқталғанын атап өтті.
Сапар аясында Ерсайын Нагаспаев «Технопарк» ЖШС өндірістік алаңдарын аралады. Мұнда ішкі және сыртқы нарықтарға бағытталған жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті өнім шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.
Форум аясында министр Өзбекстанның Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовпен және ЕЭК Алқасының мүшесі Гоар Барсегянмен екіжақты келіссөздер жүргізді. Машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі салаларында жаңа жобаларды іске қосу, кооперация және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Қазақстанның ұлттық стендінде негізгі салалардағы жетекші кәсіпорындар ұсынылды. Министрдің айтуынша, мұндай форумдарға қатысу – экономикалық байланысты нығайтып, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Көрмеге ТМД, Азия және Еуропа елдерінен 300-ден астам компания қатысуда. Қазақстандық делегация іскер серіктестермен және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.