Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткен қалалық сенбілікке ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қызметкерлері қосылды. Бұл бастама елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және азаматтар арасында қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сенбілікте министрлік қызметкерлерінің барлығы Ботаникалық бақ аумағында қоқыс жинап, жасыл аймақтарды тазартты. Акцияға қатысу тек қаланы көркейтуге үлес қосу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар ұжымда жұмыс істеуге және қызметкерлер арасында бірлік рухын нығайтуға мүмкіндік болды.
«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің барлық аймақтарын қамтиды және тазалық пен тәртіп үшін күресте азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіруге арналған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мұндай бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырады және барша қазақстандықтарды қоршаған ортаны жақсарту және қорғау шараларына белсенді қатысуға шақырады.