«ҚазҚСҒЗИ» 18-20 наурыз аралығында Сингапур қаласында BuildTech Asia Exhibition 2025 көрмесімен қатар өтіп жатқан buildingSMART International Summit халықаралық саммитіне қатысуда.
buildingSMART – сәулет, жобалау, құрылыс және ғимараттарды пайдалануға арналған ашық цифрлық стандарттарды (openBIM) әзірлейтін және ілгерілететін жетекші халықаралық альянс.
Саммиттің салтанатты ашылуына Сингапурдың Ұлттық даму министрлігінің және Цифрлық даму және ақпарат министрлігінің аға мемлекеттік министрі Тан Киат Хау.
«Еуразия, Америка, Австралия және Африка елдеріндегі 37 ұлттық чаптерді қамтитын buildingSMART халықаралық қауымдастығымен белсенді өзара іс-қимыл жасау бізге құрылыс саласындағы цифрландыру бойынша ең жаңа әзірлемелер мен озық тәжірибелерді жедел игеруге мүмкіндік береді. Бұл отандық инновацияларды енгізу тәсілдерін жетілдіру үшін аса маңызды», – атап өтті «ҚазҚСҒЗИ» АҚ басқарушы директоры Александр Шахнович.
Саммиттің негізгі тақырыптары арасында OpenBIM Mandate (құрылыс саласында ашық деректер стандарттарын қолдануды міндеттеу), жобалау мен құрылысқа жасанды интеллектті енгізу, құрылыс нысандары туралы мәліметтер алмасудың түбегейлі жаңа ашық форматы – IFC5 дамыту, сондай-ақ құрылыс компоненттері туралы ақпаратқа қойылатын стандарттар мен талаптар болды.
Саммиттің ашылуындағы негізгі «Collaborate and Inspire» сессиясында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Ақпараттық модельдеу орталығы менеджмент бөлімінің басшысы Зарина Қабжан Қазақстандағы цифрлық трансформация және BIM технологиясын енгізу тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, ол openBIM енгізудің артықшылықтары, саланың мәдени әртүрлілігінің әсері және ақпараттық модельдеу саласындағы кәсіби біліктіліктің маңыздылығы талқыланған панельдік пікірталасқа белсенді қатысты.
21 наурызда ұлттық чаптерлердің басшыларының стратегиялық отырысы өтеді, онда buildingSMART жаһандық экожүйесін дамыту жөніндегі келесі қадамдарды талқылау және келісу жоспарлануда.
2024 жылы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ базасында buildingSMART Kazakhstan бөлімшесі құрылғанын атап өткен жөн. Оның мақсаты – openBIM қағидаттарын ілгерілету және құрылыс саласын цифрландыру бойынша халықаралық тәжірибені Қазақстанда бейімдеу.