Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Наурыз мейрамы аталып өтті.
Мереке аясында «Беташар» және «Тұсау кесер» ұлттық рәсімдері өткізіліп, оған Министрлік қызметкерлері қатысты.
Мерекелік бағдарламада аспаптық және би ансамбльдері өнер көрсетті, олардың репертуарында ұлттық шығармалар болды.
Сондай-ақ, іс-шара аясында жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен «Үздік ұлттық киімдер» және «Асық ату» байқаулары қорытындыланды.
Жалпы, іс-шара ұжымды біріктіру және корпоративтік рухты көтеру мақсатында өткізілді.