Ерсайын Нағаспаев KNAUF компаниялар тобының өкілдерімен кездесті

Ерсайын Нағаспаев KNAUF компаниялар тобының өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев KNAUF компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар «Кнауф Гипс Бурылтау» ЖШС Жамбыл облысындағы жобасын жүзеге асыру барысын талқылады.

Knauf Gips KG – құрылыс материалдарын шығаратын халықаралық инновациялық өндірістік компания.

Компания ұзақ жылдар бойы Қазақстанда белсенді жұмыс істеп, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарының тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етіп келеді.

Өндірілген негізгі тауарларға құрғақ гипс негізіндегі құрылыс қоспалары, гипсокартон және әртүрлі гипстік бұйымдар, алюминий профильдері, жылу және энергияны үнемдейтін оқшаулағыш материалдар жатады.

Одан бөлек, KNAUF Жамбыл облысында гипс тас өндірумен айналысады.  Кәсіпорын қуаттылығы жылына 600 мың тонна гипсті құрайды. Ол Қапшағайдағы зауытты гипс таспен толық қамтамасыз етеді, сонымен қатар цемент зауыттары мен басқа тұтынушыларды да қамтамасыз етеді.