Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 1,7 есе артты

Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі 1,7 есе артты

2025 жылғы қаңтар айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласында 15,5 млрд теңгеге өнім өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Өндірістің нақты көлем индексі 161%-ды құрады. Бұл туралы «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясы хабарлады.

Өсім негізінен астық жинайтын комбайндар өндірісінің 3,5 есеге, ал ауыл және орман шаруашылығына арналған тракторлар өндірісінің 22%-ға артуының есебінен қамтамасыз етілді.

Өндіріс көлемі артқан өңірлердегі негізгі кәсіпорындар – Қостанайдағы «АгромашХолдинг» АҚ мен «Қостанай трактор зауыты» ЖШС, сондай-ақ Көкшетаудағы «Қазақстан Аграрлық Инновациялық Корпорациясы».