Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі Ұлттық жобаны іске асыру аясында «Байтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ семинар өткізді. Іс-шараға ХҚК өзара іс-қимыл және кәріз тазарту құрылыстарын басқару жобалары департаментінің директоры Макка Шингазиева қатысты.
Семинардың мақсаты – Ұлттық жобаның негізгі аспектілерін талқылау, сондай-ақ табиғи монополия субъектілеріне арналған қаржыландыру тетіктерін түсіндіру болды.
Іс-шараға табиғи монополия субъектілерінің бірінші басшылары мен қаржы директорлары, бухгалтерлері, жергілікті атқарушы органдардың қаржы басқармаларының өкілдері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.
Семинар барысында мемлекеттік қаржыландыру мәселелері, коммуналдық секторды жаңғыртуды қолдау тетіктері және заңнамадағы өзекті өзгерістер қаралды. Спикерлер ретінде салалық ведомстволардың өкілдері мен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының сарапшылары сөз сөйледі.