
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру нормаларына енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша кеңеске қатысты.
ZOOM бейнеконференциясы форматында өткен жиынға әкімдіктер, «Rukhtylar», «Бақытты шаңырақ», «Не молчи сирота» қоғамдық қорларының өкілдері де қатысты.
Жиын барысында азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталған мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру ережелеріндегі негізгі жаңалықтар талқыланды. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері жекешелендіру рәсімінің ашықтығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, оны жетілдіру тетіктерін ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар енгізілген өзгерістер бойынша халықты ақпараттандыру және тұрғын үй саясаты саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.