Қанат Шарлапаев «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-де болды

Қанат Шарлапаев «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС-де болды

Қанат Шарлапаев Алматы қаласында орналасқан «Astana Motors Manufacturing Kazakhstan» ЖШС өндірісімен танысты.

Бұл жобалық қуаттылығы жылына 90 000 дана болатын мультибрендті автомобиль шығаратын зауыт. Аумақта дәнекерлеу және бояу цехтары, бөлшектер қоймасы және құрастыру цехтары бар.

2025 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Зауыт Changan, Chery және Haval көліктерін шығаратын болады.

Сондай-ақ Министр «Telli Ondiris» ЖШС-де болды. Бұл тұрмыстық химия және жеке күтім өнімдерін шығаратын зауыт. Химия өнеркәсібі кәсіпорнының өндірістік қуаты жылына 30 млн дана өнімдерін құрайды.