Қуандық Қажкенов Рудный қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Қуандық Қажкенов Рудный қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Рудный қаласына жұмыс сапары аясында оның тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ашық диалог барысында ол Министрліктің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қазіргі жұмыстары туралы айтып, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

Талқылауға жобалаушылар мен құрылыс ұйымдарының өкілдері қатысып, өз ұсыныстарын жеткізді. Кездесуде қала ортасын дамыту және тұрғын үй қорын басқару тиімділігін арттыруға қатысты өзекті мәселелер қозғалған.