Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту: Ұлттық жобасын іске асыру семинары өтті

Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту: Ұлттық жобасын іске асыру семинары өтті

АҚ «Ұлттық басқарушы холдинг «Байтерек» кеңістігінде «Энергетикалық және коммуналдық секторды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша семинар өтті. Семинарға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Абай облысы және Астана қаласының табиғи монополия субъектілері қатысты.

Семинар аясында АҚ «Ұлттық басқарушы холдинг «Байтерек», АҚ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы», АҚ «Қазақстан даму банкі» қаржылық операторы; АҚ «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» техникалық операторы; сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Ұлттық жобаны дайындау және іске асыру механизмдері жөнінде түсініктемелер берді.

«ҰБХ «Байтерек» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы алғы сөз сөйледі. Ол коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мен саланың тұрақты дамуы үшін қаржыландырудың тиімді механизмдерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Семинар аясында АҚ «ҰБХ «Байтерек» бас директоры Алия Мұрзагалиева Ұлттық жобаның қаржыландыру механизмдерінің негізгі аспектілерін таныстырды. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы мемлекеттік энергия менеджменті жүйелерін қаржыландыру мәселелері қаралды, бұл туралы АҚ «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салыков баяндады. Өз кезегінде, АҚ «ҚТК» Басқарма төрағасының орынбасары Владимир Ли жеке СЕМ-ді тікелей несиелеу құралдары арқылы қаржыландыру механизмін таныстырды.

Ұлттық жоба аясында тарифтерді белгілеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Осы тақырыпта ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары Нурлан Булатбаев баяндама жасады. Жобаларды алдын ала іріктеу және техникалық сараптама механизмдері жөнінде АҚ «КазЦентр ЖКХ» департаментінің директоры Макка Шингазиева айтып берді.

Семинар қатысушыларға сұрақ қоюға, өзекті мәселелерді талқылауға және сарапшылардан түсініктемелер алуға мүмкіндік берді. Іс-шара соңында пікірталастардың қорытындылары жасалып, жобаны іске асыру бойынша алдағы қадамдар белгіленді.