Д.А. Қонаев атындағы Кен істері институты «Қазақстан Республикасының минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының ғалымдары Мәскеу қ. тау-кен өндіру саласындағы ірі халықаралық іс-шараға- «Кеншілер апталығы-2025» симпозиумына қатысты.
Іс-шара 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және тау-кен кешенінің өзекті мәселелері мен инновацияларын талқылау үшін маңызды алаң болып табылады. Бұл жетекші мамандар мен ғалымдарды тартып, білім алмасу және жаңа технологияларды ілгерілету үшін сарапшыларды біріктіреді.
Қазақстандық ғалымдар отандық тау-кен өнеркәсібі үшін өз әзірлемелерімен бөлісті. Олардың ішінде алынуы қиын шоғырларды игеру технологиясы бар. Бұл технологияны қолдану массивтегі пайдалы қазбалардың жоғалуын азайтуды қамтамасыз етеді. Ғалымдар мұны Жезқазған кен орнының мысалында көрсетті.
Карьерлердегі техникалық-технологиялық аудит әдістемесі ұсынылған. Осы әдістеменің көмегімен мамандар жылына 1 млрд теңгеден астам экономикалық нәтиже ала отырып, тау-кен жұмыстарын жүргізудің неғұрлым тиімді әдісін таба алады.
Карьерлердің геотехнологиялық кешендері жұмысының барлық кезеңдерін оңтайландыру үшін басқарушылық шешімдер қабылдаудың жаңа әдістемесі ұсынылды.
Жерасты шахталарын желдетуді басқарудың инновациялық автоматтандырылған жүйесі шынайы қызығушылық тудырды. Мұндай жүйелер қанағаттанарлық еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қажет және жұмысшылардың қауіпсіздігін едәуір арттырады. Ғалымдар жасанды интеллектті қолданатын өзіндік өндіріс пен бағдарламалық қамтамасыз ету экономикалық орындылыққа қол жеткізуге және қолайлы еңбек жағдайларын жасауға мүмкіндік беретініне сенімді.