«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматыда ЖЭО-2 аумағында тіреуіштерге топырақтың статикалық сынақтарын жалғастыруда

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары Алматыда ЖЭО-2 аумағында тіреуіштерге топырақтың статикалық сынақтарын  жалғастыруда

«Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты» АҚ мамандары Алматыда ЖЭО-2 аумағында топырақтың статикалық сынақтарын  жалғастыруда.

Аталған сынақтар мамандарға топырақтың физика-механикалық қасиеттерін, оның ішінде көтергіш қабілетін, деформацияларға төзімділігін, сондай-ақ топырақтың отырғыштығы немесе шайылуымен байланысты әлеуетті қауіптерді анықтауға бағытталған.

Сонымен қатар, бұл сынақтар жобалық шешімнің дұрыстығын растау және ЖЭО-2 кешенінің ауқымды модернизациясы аясында тіреуіш негіздердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Модернизацияның мақсаты – станцияның экологиялық әсерін азайту және табиғи газбен жылытуға  көшу.