2024 жылдың 11 айында ҚР Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.
2024 жылы ҚР МШКҚӨҰО құрылған күннен бастап табысты қызметінің 30 жылдығын атап өтті.
3 өнеркәсіптік нысан өнеркәсіптік пайдалануға берілді және 1 өндіріс жобалық қуатқа шығарылды. 2 аппаратты-бағдарламалық кешен құрылып, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорындардың технологиялық процесіне енгізілді және пайдаланылуда. 3 өнеркәсіптік нысандар жобаланған және құрылысқа және қайта құруға дайын тұр.
1 200 тонна отқа төзімді материалдар өндіріліп, еліміздің металлургиялық комбинаттарына жеткізілді. Сондай-ақ орталық отандық және шетелдік компаниялармен жалпы сомасы 4 млрд.теңгеден астам 140 шарт жасады.