
БүгінҚР Өнеркәсіп және құрылыс министріҚанат Шарлапаев Атырау облысына жұмыс сапарыаясында НИНТ» АЭА-ға барды.
Қанат Шарлапаев «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШСде болдыБіріктірілген газ-химия кешеніеліміздегі Теңіз кенішіндегішикізатты өңдейтін алғашқы жобаКәсіпорынныңқуаттылығы жылына 500 мың тонна полипропиленді құрайдыБүгінгі күні іскеқосылғаннан бері 442 мың тонна түйіршіктелгенполипропилен өндірілді
Бірінші кезеңде желіні біртіндеп 65 маркағадейін кеңейтумен полипропиленнің 10 маркасыәзірлендіПолипропиленнің көптеген салалардасоның ішінде автомобиль жасау, машина жасауқұрылыс, электротехника және т.бқолдану аясыкең
Министр «НИНТ» АЭА-дағы «Полимер Продакшн» ЖШС-де болды Кәсіпорын импорттыалмастыратын және экспортқа бағытталғанполимерлі ыдыстар (қаптар), полипропилен (ББПП) және полиэтилен пленкаларын өндіруменайналысады
Өндіріс қуаттылығы жылына 10,2 мың тонна Биаксиалды бағытталған полипропилен пленкаларын (ББПП), 24 млн дана полипропилен қаптарын, 4 125 тонна полиэтилен пленкаларынқұрайды
Қанат Шарлапаев «Интаго Казахстан» ЖШС-де болды. Компания киімнен басқа тоқымалы еместекстиль бұйымдарын шығарумен айналысады. «Интаго Қазақстан» «Атырау облысының «НИНТ» АЭА аумағында тоқымалы емес геосинтетика өндіретін зауыттың құрылысы» инвестициялық жобасын жүзеге асыруда. Тоқымалы емесгеотекстильді матаның жылдық өндіріс көлемі жылына 3 600 тоннаны құрайды.
Зауыт а.ж. қыркүйек айында ашылып,еліміздегі ені 6 метр құрайтын геотекстильді жалғыз өндірушісі болды. Құрылыс саласы мен инфрақұрылымды дамытуға елеулі үлес қоса отырып, геосинтетикалық материалдар саласындағы сапа мен инновацияның жаңа стандарттарын белгіледі.
Одан бөлек, Министр «Силлено» ЖШС-де болды. Жоба біріктірілген газ-химиялық кешен құрылысының екінші кезеңінде. Құрылысты жүзеге асыру мерзімі 20242028 жылдар, пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.
Полиэтилен алаңында а.ж. қыркүйек айындаалғашқы құрылыс жұмыстары басталды және Sinopec Engineering Incorporated (ҚХР) компаниясымен консорциумда «Силлено» және Tecnicas Reunidas (Испания) арасында Пиролизді орнату туралы EPC келісім-шартқа қол қойылды. Бүгінде негізгі құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізіліп, әлеуетті мердігерлермен келіссөздер жүргізілуде.