Министр қағаз өнімдерінің өндірісімен танысты

Министр қағаз өнімдерінің өндірісімен танысты

Қанат Шарлапаев қағаз және картон өнімдерін шығаратын «Қазполиграф» ЖШС-не барды. Комбинат Орталық Азиядағы орауыш материалдардың кең ауқымын шығаратын ірі өндірушілердің бірі болып табылады.

Өнімді жобалаудан бастап тұтынушыға жеткізуге дейінгі қаптама өндірісінің толық циклін жүзеге асырады. Бүгінде Бірыңғай индустрияландыру картасына сұйық өнімдерге арналған картон қаптамаларын (Pure-Pak) шығаратын жаңа өндіріс желісін іске қосу жобасы енгізілген. Оның іске қосылуы 2025 жылдың 1 тоқсанына жоспарланған. Жобаның құны 6 млрд теңгені құрайды.