
Бүгін, 4 желтоқсанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Қатысушылар кәсіпорындарды қолдау және жағдай жасау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру мәселелері бойынша жүгінді. Сондай-ақ, азаматтар халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды.
Қанат Шарлапаев қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қатысушылардың ұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ Министр қабылдау қорытындысы бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге тиісті тапсырмалар берді.