Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін, 28 қарашада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесу өткізді

​Алғы сөзінде вице-министр өңдеу өнеркәсібі саласында жетекшілік ететін және комуналдық-құрылыс салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, отандық тауар өндірушілерді қолдау және Отандық өндірушілердің бірыңғай тізілімін құрылғанытуралы айтты

​Кездесу Талдықорған қ Тіл сарайығимаратында өтті. Қатысушылар отандық тауар өндірушілердің тендерлерге қатысуы, химия өнеркәсібін лицензиялау, энергия тарифтерін көтеру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және т.б. қатысты сұрақтар қойды.

​Одан бөлек, «Шығыс қақпасы» АЭА мен «Қорғас» ШЫХО дамыту тақырыбы қозғалды.

​Олжас Сапарбеков қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бизнес өкілдері айтқан мәселелер мен ұсыныстарды шешу үшін күшбіріктіру ұсынды

​Жұмыс сапары аясында вице-министр сондай-ақ кәсіпорындардың қызметімен танысу мақсатында «Қайнар АКБ» ЖШС және «ASMA INDUSTRIAL ЖК кәсіпорындарында болды.

Дмитрий Ерофеев автор фото.