
Қазырғы ауқытта Риддер қаласында «Казцинк» ЖШС қуаты 210 МВт қазандықтың құрылысын аяқтайды, онда жыл сайын шамамен 140 мың тонна көмір жағылады. ҚР Экологиялық кодексімен елді мекендер шегінде күл-қож қалдықтары полигондарын орналастыруға тыйым салынғандықтан, қазіргі таңда оларды 80 мың тоннаға дейін кәдеге жарату мәселесі туындап тұр.
«ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «ВНИИцветмет» филиалының геотехнологиялық процестер зертханасының ғылыми қызметкерлері Шығыс Қазақстан ТКБК Риддер-Сокол кенішінде кені алынған кеңістіктерді толтыру үшін жылына 80 мың тонна көлемінде Риддер қазандығының күл-қож қалдықтарын кәдеге жаратудың экологиялық қауіпсіз технологиясын әзірледі. Бетон-толтыру кешенін қайта құру жобасына регламент әзірленді.
Қазандық қалдықтарын шахтаның кені алынған кеңістігіне кәдеге жаратудың әзірленген технологиясы оларды экологиялық қауіпсіз кәдеге жаратуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар Риддер-Сокол кенішінде толтыру жұмыстарын жүргізу кезінде инертті толтырғыштың тапшылығын толтырады, цемент шығынын азайтады.