Иран Шархан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді

Иран Шархан азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.

Қатысушылар арасында «Nova Цинк» ЖШС және «Экспресс Трейд» ЖШС өкілдері, сондай-ақ «Aurum International Holdings Ltd.» шетелдік инвесторлары болды. Азаматтар минералдық-шикізат базасын дамыту, қатты пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу және келісім-шарттар бойынша сұрақтар қойды.

Вице-министр қатысушылардың сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді, сондай-ақ қатысқандары мен айтқан ұсыныстары үшін алғысын білдірді.