
Бүгін Астана қ. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен «Veolia» компаниясының су дайындау, су тазарту және кәріз-тазарту құрылыстарын басқарудың заманауи технологияларына арналған бірлескен семинары өтті. Іс-шара әкімдіктердің, су арналарының, мемлекеттік органдардың өкілдері мен халықаралық сарапшыларды біріктіріп, тәжірибе алмасу және су технологиялары саласындағы инновациялық шешімдерді талқылау алаңына айналды.
«Су ресурстары – тұрақты дамудың негізгі факторы. Қазіргі заманғы сын-тегеуріндер жағдайында біздің еліміз сапалы сумен жабдықтауды және суды тазартуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар осы процестерді тиімдірек, экологиялық таза және халықаралық стандарттарға сай етуге ұмтылып отыр. «Veolia» компаниясымен өзара іс-қимыл бізге әлемдік озық тәжірибелер мен технологияларды қабылдауға, сондай-ақ осы маңызды саладағы кадрлық әлеуетімізді нығайтуға бірегей мүмкіндік береді», – деді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нурлан Солтамбеков.
Семинар Ұлттық жобада көзделген негізгі бастамаларды іске асыруға дайындықтың бір бөлігіне айналды. Жоба аясында өңірлерді олардың ерекшеліктерін ескере отырып дамытуға көп көңіл бөлінеді. Сумен жабдықтау және су тазарту инфрақұрылымын жаңғыртудың тиімді стратегиясын бірлесіп құру үшін әрбір өңірдің мүмкіндіктері егжей тегжейлі талданатын болады.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында атап өтілгендей, негізгі басымдықтар табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті арттыру және жоғары кәсіби кадрлық әлеуетті қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттер ТКШ жүйесін жаңғырту бойынша ұзақ мерзімді жұмыстың негізін құрайды.
«Өңірлермен бірге біз объектілерді жаңғыртуға ғана емес, сондай ақ пайдалану процестерін басқаруға да назар аудара отырып, олардың дамуының жолдарын қарастыратын боламыз. Бұл жұмысқа аналитиканы, әсіресе тазарту қондырғыларына кіретін көрсеткіштерді қосу маңызды. Бұл олардың жұмысының тиімділігін едәуір арттыруға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы атап өтті.
Veolia компаниясы семинар қатысушыларына су дайындау, ағынды суларды тазарту және су шаруашылығы объектілерін басқару саласындағы озық технологияларын ұсынды. Мамандар шығындарды оңтайландыру әдістері, цифрлық шешімдерді енгізу және әлемнің түрлі елдеріндегі су объектілерін басқару тәжірибесі туралы айтып берді.
Негізгі тақырыптардың бірі ағынды сулардың параметрлерін мониторингілеу үшін аналитикалық жүйені қалыптастыру болды. Бұл тәсіл тазарту қондырғыларына жүктемені дәлірек бағалауға, процестерді оңтайландыруға және экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Семинар аясында мамандарды даярлау мәселелеріне көп көңіл бөлінді. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарымен, оның ішінде Назарбаев Университеті, ЕҰУ, ҚазБСҚА, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және басқа да білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтасады. Бұл ынтымақтастық заманауи технологиялармен жұмыс істей алатын, қажетті біліктіліктерге ие болатын ТКШ саласындағы мамандардың жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Сондай-ақ талантты студенттерді практикалық жобаларға қатысуға тарту мүмкіндігі қарастырылуда, бұл оларға құнды тәжірибе алуға және саланың дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
Семинар қорытындысы бойынша Қазақстанның су шаруашылығын дамытуда жүйелі тәсілдің қажеттілігі атап өтілді. Мұндай форматтағы іс-шаралардың тұрақты түрде өткізілуі жоспарланып отыр және олар инновацияларды енгізуге, экологиялық жағдайды жақсартуға және және кәсіби кадр резервін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және «Veolia» сумен жабдықтау және су тазарту инфрақұрылымын дамытуға, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған әрі қарайғы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін мәлімдеді.