
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов а. ж. 12 қарашасында Үкіметтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Келген азаматтар «көпбалалы отбасылар, көпбалалы аналар» санаты бойынша тұрғын үй кезегі мәселелері және су пайдаланушылар кооперативін басқару нысаны, бау-бақша және саяжай құрылысы туралы Заң мәселесі бойынша вице-министрге жүгінді. Сондай-ақ құрылыс-монтаждық жұмыстармен айналысуға арналған лицензиаттардың біліктілік талаптарын қайта қарау мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.
Вице-министр халықтың негізгі мәселелерін тыңдап, барлық азаматтарға толық жауап беріп, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заңнама шеңберінде оңтайлы шешу механизмдерін түсіндірді. Сонымен қатар, ол құрылымдық бөлімшелердің басшыларына нақты тапсырмалар беріп, өтініш білдірушілердің көтерген мәселелерін өзінің жеке бақылауына алатынын жеткізді.