Бұланды ауданының Капитоновка ауылынан 15 отбасы жаңа үйлерге ие болды.
«Ибис-К» ЖШС мердігерлік ұйымы жалпы ауданы 3 280 м2, бір үйдің ауданы 80 м2 жаңа үйлер салды.
«Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың 29 мамырында басталды, тұрғындар кілттерді 4 қыркүйекте алды. Барлық тұрғындар жаңа үйлерге қуанышты. Өйткені олардың су басқан үйлері негізінен 70,80 жыл бұрын салынған. Ал қазір жаңа көшенің тұрғындары қоныс тойын тойлауда, басқа тұрғындарды қонаққа шақырады. Енді жаңа қоныс иелері қосалқы шаруашылықтар үшін өз сарайларын салатын болады», - деп атап өтті Капитоновка ауылдық округінің әкімі Зарина Янкова.
Қазіргі уақытта Бұланды ауданының Журавлевка, Иванковка және Вознесенка ауылдарында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 100 үйдің құрылысы аяқталуға жақын.