1 желтоқсаннан бастап болат дайындамаларды әкетуге тыйым салу енгізіледі
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен көліктің барлық түрлерімен Қазақстан Республикасының аумағынан болат дайындамаларды әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу көзделетін бұйрықтың жобасы әзірленді.
Бұйрықтың жобасы қосылған құны жоғары орта және жоғарғы қайта бөлудің дайын өнімін шығара отырып, болат өнеркәсібін кеңейту үшін отандық металлургиялық кәсіпорындарды ынталандыру мақсатында әзірленді.
Бұйрық 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз
Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларына өзгерістер енгізуде
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі.
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 230-VI Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы 2018 жылғы 2 ақпандағы Келісімнің 6-бабы 1-тармағының в) тармақшасына сәйкес тауарларды таңбалау процестерін оңайлату және жеделдету үшін әрбір ЕАЭО-ға мүше мемлекет қойма үй-жайларына қойылатын талаптарды айқындай алады, сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалануға жататын тауарлар айналымын жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге, тауарларды ішкі тұтыну немесе қайта импорттау үшін шығару рәсіміне орналастырғаннан кейін оларды таңбалауға рұқсат етіледі.
Осыған байланысты таңбалауға жататын тауарлар айналымына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау үшін аяқ киім тауарларын таңбалау және қадағалау қағидаларының жобасында қойма үй-жайларына қойылатын талаптар айқындалған және осындай қойма үй-жайларының тізбесін бекіту жөніндегі норма көзделген.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұл бұйрық импорттаушыларға кедендік «тазалаудан» кейін өздерінің қойма үй-жайларында таңбалау кодтарын енгізуге мүмкіндік береді.
Ол республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды көздемейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Құжаттың толық нұсқасымен осы сілтемеден өтіп таныса аласыз
«Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығының жобасына
Пресс-релиз
Бұйрық жобасымен ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын бекіту көзделген.
Аталған бұйрық жобасы «Жылу энергетикасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2024 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы өкімінің
9-тармағын орындау шеңберінде жүзеге асырылады.