Хабарландыру! 2024 жылдың 15 тамызында «Шин-Лайн» ЖШС кәсіпорнына баспасөз туры өтеді.

Хабарландыру!  2024 жылдың 15 тамызында «Шин-Лайн» ЖШС кәсіпорнына баспасөз туры өтеді.

«Шин-Лайн» ЖШС компаниясы 1995 жылы құрылған. Компанияның брендтерінің қатарына «Мишка на полюсе» пломбирі, «Снеговик» және «Белочка» эскимолары, «Бомба» балмұздақтары, «Джусики» жеміс мұздары және басқалары кіреді.

Бүгінде «Шин-Лайн» жылына 13 мың тоннадан астам балмұздақтың 140 түрін шығарады. Кәсіпорын Қазақстан бойынша 2200 адамды біріктіреді. 2025 жылға қарай жаңа фабриканың іске қосылуымен мұнда инженерлік персонал, технологтар, талдаушылар, маркетологтар, IT-мамандар кіретін 2500-ге жуық жұмыс орны құрылады.

Барлық ниет білдірушілерді қатысуға шақырамыз!

 

Жиналу орны: Алматы облысының Өкілдігі, Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 112.

Шығу уақыты: 13: 00

Байланыс нөмірі: Еран Маликович +7 775 327 33 39