
2024 жылдың төрт айында алюминий экспортының көлемі заттай көріністе 4,7 есе – (16-дан 75,4 мың тоннаға дейін) ұлғайғанын көрсетті. Өнімге сұраныс Әзірбайжан тарапынан сегіз есеге (5,5 - тен 43,1 мың тоннаға дейін), Өзбекстан тарапынан-10,5 есеге (0,2-ден 2,1 мың тоннаға дейін) ұлғаюы, сондай-ақ Беларусь, Болгария, Италия, Польша сияқты елдерге жеткізу географиясын кеңейту есебінен қол жеткізілді.
Қазақстандағы алюминийдің жалғыз отандық өндірушісі «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ (Павлодар) болып табылады.
Алюминий экспортының көлемі, тонна
| Экспорт көлемі | Қаңтар- сәуір 2023 ж. | Қаңтар- сәуір 2024 ж. | Динамика | 
| Барлығы | 15 960 | 75 375 | +4,7 рет | 
| оның ішінде: | 
 | 
 | 
 | 
| Әзірбайжан | 5 475 | 43 093 | +7,9 рет | 
| Польша | - | 14 348 | +100% | 
| Италия | - | 3 098 | +100% | 
| Болгария | - | 2 673 | +100% | 
| Беларусь | - | 2 273 | +100% | 
| Өзбекстан | 196 | 2 050 | +10,5 рет | 
Дереккөз: ҚР СЖРА ҰСБ және ҚМ МКК