Кәдеге жарату алымына қатысты петицияны қарау жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтетін күні мен орны белгілі болды

Кәдеге жарату алымына қатысты петицияны қарау жөніндегі қоғамдық тыңдаулар өтетін күні мен орны белгілі болды

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «ҚР Халқы кәдеге жарату және алғашқы тіркеуге қарсы» петициясын қарау жөніндегі жұмыс тобының қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдаулар 2024 жылғы 15 шілдеде сағат 11.00 – де Алматы қаласында өтетінін хабарлайды.

Мекен-жай: Алатау ауданы, «Индустриялық аймақ-Алматы» ш/а. Алғабас, 7-үй, 138/5 үй мекенжайы бойынша «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС зауыты.

Сондай-ақ Министрліктің әлеуметтік желілерінде және бірқатар ақпарат агенттіктерінде тікелей эфир ұйымдастырылатын болады.