Ақтөбе облысындағы Темір ауданында 17 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Ақтөбе облысындағы Темір ауданында 17 отбасы жаңа баспанаға ие болды

Темір ауданы Саркөл ауылдық округіне қарасты Құмсай ауылында су тасқынынан зардап шеккен 17 отбасыға жаңа баспана кілттері табысталды. Олар өз қалауларымен Кеңқияқ, Шұбаршы және Шұбарқұдық елдімекендерінен жаңа тұрғын үй алуға ниет білдірген болатын.

Темір ауданында 21 үйдің құрылысы жүргізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, 41 үйде жөндеу жұмыстары және 36 отбасыға жаңа үй сатып алу үдерісі жалғасуда.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Ахуалдық орталығының деректері бойынша Ақтөбе облысында барлығы 4 087 объектіге техникалық зерттеу жүргізілген, оның нәтижелері бойынша келесі шаралар жоспарлануда:

- 517 тұрғын үйдің құрылысы – 517 басталды;

- 486 тұрғын үйді сатып алу – 349 сатып алынды;

- 3 084 тұрғын үйде жөндеу жұмыстарын жүргізу – 2 587 нысанда аяқталды.

Жұмыстар инфрақұрылымды қалпына келтіріп, тұрғындарды тез арада жаңа баспанамен қамтамасыз ету мақсатында жүргізілуде.