Жұмыс тобы «Allur» зауытында: толық циклді өндіріс барысымен танысу

Жұмыс тобы «Allur» зауытында: толық циклді өндіріс барысымен танысу

Утиль алымы мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі Жұмыс тобы Қостанай қ. сапары аясында «Allur» автомобиль зауытына келді.

«Allur» – еліміздегі көліктердің барлық түрін шығаратын жалғыз кәсіпорын. Зауыт «Kia», «Chevrolet», «JAC», «Jetour», «Hongqi» және «Skoda» маркалы көліктер шығарады.

Сонымен қатар өндіріс бөлшектерді дәнекерлеуді, бояуды және құрастыруды қоса алғанда, автокөлікті құрастыруға арналған CKD технологиясын қамтиды. Сондай-ақ автомобиль тексеруден және қорытынды тексеруден өтетін сынақ жолы бар.

«Біздің құрастыру желісінде 30-ға жуық пост бар. Модельге байланысты 1000-ға дейін құрастыру операциясын орындаймыз. Бұл қызметкерлерімізді оқыту және олардың біліктілігін сақтау біз үшін өнімдеріміздің сапа көрсеткіштеріне қол жеткізудің негізгі элементі болып табылатынын көрсетеді», – деді «Allur» автомобиль зауытының операциялық директоры Виталий Христ.

Кәсіпорынның ауданы 350 000 ш. м. құрайды, оның ішінде өндіріс 86 000 ш. м. орналасқан. Зауыттың қуаттылығы – жылына 127 000 бірлік. Өндіріс көлемі 2023 жылы 90 2300 бір., ағымдағы жылдың 6 айында 35 549 бір. жетті.  

Петицияны егжей-тегжейлі қарау үшін Жұмыс тобы «Allur» зауытының өндірістік үй-жайларында болды. Топ толық құрамымен болғанын айта кеткен жөн.

Жұмыс тобының құрамында ҚР Парламентінің депутаттары, Өнеркәсіп және құрылыс, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің вице-министрлері, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Ұлттық экономика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің, Жасыл Даму» АҚ, «Қазақстанның автокөлік одағы» ЗТБ, «Қазақстанның өнеркәсіптік инвесторлар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы» ЗТБ, өкілдері, сонымен қатар петиция бастамашылары қатарынан «Республикалық қайталама металлургия өнеркәсіпшілер одағы» ассоциациялары, дербес автомобиль одағы және «Әділдік үшін» ҚҚ өкілдерінің бар екенін еске саламыз.